Муратамен жекпе-жек алдында Головкинге Қазақстан президенті үн қатты

©Reuters

Қазақстан президенті Қасым-Жмарт Тоқаев бүгін 40 жасқа толған боксшы Геннадий Головкинге құттықтау жедел хатын жолдады, деп хабарлайды мемелекет басшысының баспасөз қызметі.   

"Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз.

Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін, – деп жазылған Президенттің құттықтау жеделхатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар