WBA тұжырымы бойынша "суперчемпион" Риота Мурата (16-2, 13 КО) алдағы уақытта жерлесіміз IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинді жеңетініне үмітті.
Мурата биылғы маусымдағы мақсаттарын қағазға түсірген. Нәтижесінде күншығыс елінің өкілі "бірігу" сөзін жазып, Головкинді жеңетініне уәде берген.
"Желтоқсан айының 30 жұлдызынынан бастап демалыстамын. Арасында тынығып тұрған да жақсы. Мексикадан келген үш спарринг қарсыласым залда. Олар ешқайда кетпеді. Жекпе-жекке дайындығымды күшейту керек. Айқастың кейінге шегерілгені де дұрыс", - дейді Мурата hochi.news сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкин мен Мурата арасындағы кездесу Жапонияда 29 желтоқсанда өтуі тиіс еді. Алайда "омикрон" штаммының өршуіне орай көптеген салтанатты іс-шараларды, соның ішінде бокс кешін де кейінге шегеру туралы шешім қабылданды.
Енді қос спортшы арасындағы кездесу биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында өткізіледі деп жоспарланып отыр.