Бокс
7 сәуір 2022 08:33

Мурата Головкинге ең қаупті қарсыластың бірі екені айтылды

©instagram.com

Қазақстандық белгілі промоутер Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және Риота Мурата (16-2, 13 KO) айқасынан не күтетінін айтты.

Головкин мен Мурата арасындағы айқас нақты қай раундта аяқталатыны айтылды

"Осындай тамаша айқастарды сағындық. Тағатсыздана күтіп отырмыз. Драммаға толы мықты айқас көргім келеді. Головкинге жанкүйерміз. Мурата өз отанында екенін білеміз. Оны Головкиннің ең мықты қарсыластарының бестігіне қосуға болады. Ол нағыз жауынгер, шынымен қауіпті. Екі шебер айқасады. Мен 12 раунд өтетін комбинациялы бокс тамашалғым келеді. 

Осы жекпе-жектен кейін миллиондаған жанкүйер күтіп отырған "Канеломен" үшінші айқас мәселесі белгілі болады", - дейді Мнкенов. 

Муратадан үш есе көп. Головкин Сайтамадағы айқас үшін қанша алатыны айтылды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport