Бокс
10 маусым 2019 11:30

"Мұнымен біткен жоқ". Головкинннен нокаутпен жеңліген Роллс мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин және Стив Роллс. Сурет: DAZN
Канадалық боксшы Стив Роллс (19-1, 10 КО) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннен (39-1-1, 35 КО) жеңілгеніне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бұл жекпе-жек 9 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Кездесу 164 фунт салмақта және он раундқа есептелген болатын, алайда, төртіншісінде аяқталды. 

Осылайша, қазақстандық карьерасындағы 39-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті, оның 35 кездесуі нокаутпен. Роллс карьерасында алғаш және бірінші рет нокаутпен жеңілді. 

"Өткен түн ойдағыдай өтпеді, бірақ, алған тәжірибеге де ризамын. Осы ұзақ жолда маған демеу болғандарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Менің барлық жақтастарым мен оң пікірлер қалдырғандарға, мен оларды жоғары бағалаймын. Мұнымен біткен жоқ, мен күштірек болып ораламын", - деп жазыпты Роллс Instagram парақшасында.