"Мұны бүкіл әлем біледі!". Жәнібек Олимпиада қарсаңында қазақстандық боксшыларға үндеу жасады

Сурет: twitter.com/qazaqstyle

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Токиодағы Олимпиада алдында бокстан Қазақстан құрамасына тілегін айтып, жігерлендірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасына Олимпиада ойындарында сәттілік тілеймін. Алтын, алтын және алтын! Біздің команда мықты. Бізге мұны дәлелдеудің қажеті жоқ. Мұны бүкіл әлем біледі. Олимпиада алтыны сендер үшін жасалды, жігіттер! Сол алтын жүлделеріңді алып, елге алып келіңдер", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде. 

Жаңалықтар