Бокс
4 ақпан 2021 16:14

Мунгияны жеңсе ESPN Головкинге "Канеломен" жекпе-жек ұйымдастырмақ

Сует: Boxing News 24/7

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл қыркүйекте өтуі мүмкін. Бұл туралы ESPN Deportes хабарлап отыр.

Алайда оған дейін GGG өзге мексикалық боксшы - бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгияны (36-0, 29 КО) жеңуі керек. Бұл айқас мамырда өтеді деп күтілуде. 

"Ресми келіссөздер әлі өтпегенімен, мүдделі тараптардың бәрі бұл жекпе-жекті өткізуге құлшынып отырғаны белгілі. Ең бастысы мұны екі боксшы мен DAZN платформасы қалайды. Егер Головкин жеңсе, ол "Канеломен" үшінші рет жұдырықтасуға қол жеткізуге тырысады. Ал егер Хайме жеңсе, онда Альвареспен жұдырықтасатын жаңа жұлдыздың туғаны", - деп жазады мәлімет көзі.