Мунгия шықпай қойған Головкиннің кейінгі қарсыласы 16 нокауты бар боксшымен жұдырықтаспақ

Чарло және Деревянченко. ©RingSide24

Орта салмақта чемпиондыққа үш рет үміткер болған украиналық Сергей Деревянченко 5 желтоқсан Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінде жұдырықтасады, деп хабарлайды vringe.com.

36 жастағы боксшының 10 раундты PPV-кардтағы қарсыласы Доминикана Республикасының өкілі Карлос Адамес болады. Латынамерикалық боксшы 20 айқаста жеңіске жеткен (16 нокаут) және карьерасында бір-ақ рет жеңіліпті. Бұл украиналықтың 2021 жылдағы бірінші әрі жалғыз айқасы болмақ. Кейінгі рет ол былтыр қыркүйекте Джермалл Чарлодан жеңілген болатын.

Мұның алдында Деревянченко WBC желісі бойынша Хайме Мунгиямен жұдырықтасып, чемпиондыққа үміткерді анықтау керек болатын. Бірақ мексикалық боксшы Габриэль Росадомен аралық жекпе-жек өткізетін болып шешті.

Деревянченко өнер көрсететін бокс кешінің басты оқиғасы Джервонто Дэвис пен Исаак Крус арасындағы жекпе-жек болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар