АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде екінші орта салмақта WBA чемпионы атағы үшін мексикалықтар Хосе Армандо Ресендис (16-3, 11 КО) пен Хайме Мунгия (46-2, 35 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, Мунгияның айқын басымдығымен аяқталды. Төрешілер шешімі бойынша ол қарсыласын ірі есеппен жеңді (117-111, 119-109, 120-108).
Осылайша, Мунгия титулын алғашқы рет қорғауға шыққан Ресендистен чемпиондық белбеуді тартып алды.
Бұл жеңіс Мунгия үшін мансабындағы 46-шы жеңіс болды, оның еншісінде екі жеңіліс бар. Ал Ресендис 16 жеңіске жеткен және үш рет жеңілген.
Жарнама