"Мұндайды күтпедім". Төрт белбеуінен айырылған Джошуа қарымта сұрағысы келмейді

© Eurosport
Аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) мексикалық Энди Руистан (33-1, 22 КО) жеңілгеніне қатысты пікір білдірді. 

Джошуаға тиесілі болған аса ауыр салмақтағы WBO, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жек 2 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Кездесу жетінші раунда техникалық нокаутпен аяқталып, Руис барлық белбеуді иеленді. Ал Джошуа үшін бұл карьерасындағы алғашқы жеңіліс.

"Жақсы жекпе-жек болды, көңілім түспеді, бірақ, мұндайды күткен жоқпын. Соққысы төбемнен тиіп, есеңгіреп қалдым. Бір-екі раунд жианқталып алып, ақылмен жұдырықтасайын дедім. Эндиге құрмет білдіремін. Босспен бірге ілгерлеп, күзге қарсылас туралы ойластырып жатырмыз. Руисті дұрыс бағаламаппын, соққысы бар екен.

Қарымта болады деп ойламаймын. Қандай боксшылардың аты аталып жатқанын естіп жатырсыздар, ынтам бұрынғыдай, мақсатым өзгерген жоқ. Бәрі Руиске байланысты, қарымтаны қалай ма, жоқ па. Мен сұрамаймын да, өйткені екінші жекпе-жекте жеңеріме сенімдімін", - деп келтіреді Джошуаның сөзін Tofight.ru.

Дегенмен жекпе-жек келісімшартында қарымта қарастырылған екен. Джошуаның промоутері Эдди Хирн бұл құқықты пайдаланатынын мәлімдеп те үлгерді.