Мұндайды ешкім күтпеді. Өзбекстандық Олимпиада чемпионының айқасы нокаутпен бітті

©Kun.uz

Жартылай орта салмақта WBA чемпионы ресейлік Раджаб Бутаев өзбекстандық Олимпиада чемпионы Фазлиддин Гаибназаровты нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек Ресейдің Сочи қаласында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Айқас он раундқа есептелген еді, алайда үшінші раундтан кейін Гаибназаровтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

Осылайша, Бутаевқа техникалық нокаутпен жеңіс есептелді. Ол карьерасында он бесінші айқасында жеңіске жетіп отыр (12 нокаут). Сонымен қоса, Раджабтың есебінде бір жеңіліс бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport