Нью-Йорктегі Madison Square Garden Theater шаршы алаңында жеңіл салмақта абсолют чемпион Теофимо Лопес (16-1, 12 KO) пен міндетті қарсылас аустралиялық Джордж Камбосос (20-0, 10 KO) арасындағы жекпе-жек сенсациямен бітті.
Аустралиялық бірінші раундта-ақ чемпионды есеңгіретті. Бірақ Лопес бірден аяғына тұрып, ары қарай жұдырықтасты.
Лопес оныншы раундта қарымтасын алып, қарсыласын нокдаунға түсірді.
Бұл айқас толық 12 раунд өтіп, төрешілер жеңісті бөлек шешіммен Камбососқа берді (115-111, 113-114, 115-112).
Осылайша, Лопес WBA, IBF, WBO және The Ring белбеулерінен айрылып, карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.