Америкалық журналист Джек Маккаферри орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) карьерасы туралы пікір білдірді.
"Әлімханұлы - талантты боксшы. Қазіргі таңда орта салмақта ең мықтысы. Алайда оның карьерасындағы динамиканың тежеліп қалуы - дивизионның тым әлсіз болғандығында. Мұндай ешқашан болмаған. Головкин мен Канело кеткеннен кейін дивизион назардан қалып, үлкен табыс әкелмейді.
Егер титул біріктіретін жекпе-жектер ұйымдастырылмаса, басқа дивизионға ауысуды ойлау керек. Бірінші немесе екінші орта салмақты көру қажет. Екі дивизионда да атақ пен қомақты қаржы бар. Бұл қазақстандықтың карьерасына жаңа бағыт береді. Ал қазір ол белгісіз жігіттермен жұдырықтасуға мәжбүр. Мұндай ешкімге қызық емес", - дейді Маккаферри.