Бокс
5 мамыр 10:47
 

Мұндай 40 жыл болмаған. Канелоның айқасы трихи антирекорд жасады

  Пікірлер

blog.share

Мұндай 40 жыл болмаған. Канелоның айқасы трихи антирекорд жасады ©instagram.com/canelo

Сауль Альварес (63-2-2, 39 KO) пен Вильям Скулл (23-1, 9 KO) арасында абсолют әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек жанкүйерлер көңілінен шықпады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Сауль Альварес (63-2-2, 39 KO) пен Вильям Скулл (23-1, 9 KO) арасында абсолют әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жек жанкүйерлер көңілінен шықпады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұны статистика да растап отыр. Сауд Арабиясынның астанасында өткен айқаста тарихи антирекорд тіркеліпті. 

CompuBox мәліметінше, Сауль мен Вильям 12 раунд ішінде бар болғаны 445 соққы жасаған (Канело — 152, Скулл — 293). Бұл – соңғы 40 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Дәл осы кезеңнен бастап (40 жл бұрын) бокста соққыны санаудың компьютерлік жүйесі қолданыла бастады.

Бұған дейінгі антирекорд Джозеф Паркер мен Деонтей Уайлдердің кездесуінде тіркелген — олар 12 раундта 459 соққы жасаған еді. Алайда Альварес пен Скулл олардан 14 соққы аз жасапты.

Еске салайық, Канело Скуллды төрешілер шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта қайтадан абсолют әлем чемпионы атанды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!