auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Мұнда ақша да, титул да бар". Головкинге "Канеломен" трилогия орнына мықты қарсылас ұсынылды

"Мұнда ақша да, титул да бар". Головкинге "Канеломен" трилогия орнына мықты қарсылас ұсынылды
Геннадий Головкин. Сурет: HBO Boxing
Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраденің (28-0, 17 КО) промоутері Эдди Хирн амеркиалық боксшы мен қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) арасында жекпе-жек өткізгісі келеді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Кеше Андраде польшалық Мацей Сулецкиді (28-2, 11 KO) төрешілер шешімімен жеңіп, титулын қорғап қалды. Жекпе-жектен кейін амеркиалық боксшы қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (52-1-2, 35 КО) жұдырықтасуға шақырды.

GGG-дің өзі қыркүйекте "Канеломен" жұдырықтасқысы келеді, ал мексикалықтың жоспары өзге - жартылай ауыр салмаққа өтіп, WBO чемпионы Сергей Ковалевпен (33-3-1, 28 КО) жұдырықтасу.

"Мынадай әңгіме. DAZN-ге қысым жасап көрем. Оларды Альварес-Головкин трилогиясы көбірек қызықтыратыны белгілі. Бірақ жекпе-жек қыркүйекте өтпесе, Альварес ол уақытта Ковалевпен жұдырықасса, Головкин мен Андраде арасында жекпе-жек неге ұйымдастырмасқа?

Matchroom Boxing басшысы жанкүйерлер мен сарапшылардың Андраденің Альваресті жеңу мүмкіндігі тым төмен деп есептейтіндігіне ашулы: "Тыңдаңыздаршы, бұлай мүлде айтуға болмайды. Қандай 100 пайыз? Керісінше. Головкин де, Альварес те, Андрадемен жұдырықтасуға асықпайды. Олар жеңіліп қалуы мүмкін екенін біледі. Олар Андрадемен жұдырықтаспас үшін өзара трилогия ұйымдастыруға да дайын".

Головкин мен Альварес 2017 жылы қыркүйекте тең түсті. Бір жылдан кейін мексикалық аз ғана басымдықпен жеңді. Күзде тағы жұдырықтасады деп күтілген, бірақ, Альварес басқа мүмкіндіктер қарап жүр. Ол қазақстандықты жек көретіні сонша, оның өзі арқылы табыс көргенін қаламайды деген сыбыс бар. 

Ал Хирн Андрадені мақтауын қояр емес: "Бұл жігіт тым мықты. Онымен жұдырықтасудан қашудың нақты себебін ешкім айтпайды. Рас қой? Түрлі сылтау айтады. Бірақ қалай ақталасыңдар? Эй, Андрадеде титул бар! Деметриустің жанкүйрелер базасы бар! Оның артында телетранслятор тұр, яғни, ақша да бар! Головкин -  Андраде үшін тіптен жақсы қарсылас. Әрине бұл қауіпті, дегенмен, Деметриус осындай жекпе-жектерді ғана қалайды. Сондықтан ұйымдастыруға тырысамын", - дейді промоутер.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама