Бокс
31 мамыр 2022 10:00

"Мүмкіндік бар". Экс чемпион Головкиннің "Канелоны" нокаутқа түсіру ықтималы жайлы

©sportsdaily

Бірінші ауыр салмақта IBF International чемпионы болған ресейлік Алексей Папин MMA.Metaratings.ru порталына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңу мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Трилогия биыл 17 қыркүйекте өтеді.

"Нокаутшыда әрдайым мүмкіндік бар, мен Геннадий Головкин туралы айтып отырмын. Дегенмен мұндай жаста осындай деңгейдегі жекпе-жекке шықпайтын болар. Қалай дегенмен Геннадйиге жанкүйермін. Оның жасы келіп қалды, ал "Канело" жалындап тұрған шағында", - дейді Папин. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport