Мүлде күтпеген нәтиже. Бокстан Қазақстан чемпионының жекпе-жегі сенсациямен бітті

©ҚБФ

Бокстан Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев Астанда өтіп жатқан республикалық Спартакиадада күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

63,5 келідегі 1/8 финалда Төлтаевтың қарсыласы Жандос Қыдырәлиев болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бәрі бірауыздан жеңісті Қыдырәлиевке берді. 

Еске салайық, Санатәлі Қазақстан құрамасы сапында соңғы екі әлем чемпионатына қатысқан - 2021 жылы Белградта (Сербия) және 2023 жылы Ташкентте.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport