Бокстан Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев Астанда өтіп жатқан республикалық Спартакиадада күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
63,5 келідегі 1/8 финалда Төлтаевтың қарсыласы Жандос Қыдырәлиев болды. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бәрі бірауыздан жеңісті Қыдырәлиевке берді.
Еске салайық, Санатәлі Қазақстан құрамасы сапында соңғы екі әлем чемпионатына қатысқан - 2021 жылы Белградта (Сербия) және 2023 жылы Ташкентте.