Аустралиялық боксшы Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Зерафаның Fox Sports Australia арнасына берген сұхбатында айтқаны бойынша, ол және Головкин орта салмақтағы чемпиондық белбеулер үшін наурыз айында Аустралияда айқасу туралы ауызша келісімге келіпті.
Сонымен бірге, 30 жастағы Зерафа 40 жастағы GGG-ді жеңетін болса, отандасы Тим Цзюмен айқас талап ететінін айтыпты.
Мұның алдында Головкин IBF белбеуіне міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізетіні айтылған болатын.
Ал сарапшылар GGG-ге белбеулерден бас тартып ақшалы айқас өткізуге кеңес берген еді.