Бокс
Кеше 22:03

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы кіші ӘЧ-нің жүлдесі үшін айқасатын болды

©Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасының боксшысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Болгарияда өтіп жатқан "Странджа кубогі" турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол ирландиялық Джон Макконеллді 5:0 есебімен айқын жеңді.

Бұған дейін 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері бразилиялық Юри Фалькао Рейс қазақстандық Илья Калининді (65 кг) жарыс жолынан шығарған болатын.

Ал Фарух Тохтасынов 70 келіге дейінгі салмақта 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегерін айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға өткен болатын.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport