Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы World Boxing ұйымдастырып жатқан Бразилиядағы (Фос-ду-Игуасу) Әлем кубогін жарқын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақтағы 1/16 финалда ол тунистік Хассен Атиамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша Мұхаммедсабыр Базарбайұлы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.
23 жастағы Мұхаммедсабыр 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, ширек финалға дейін жеткен. Сондай-ақ ол 63,5 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі болған. Жастар деңгейінде 2019 жылғы Азия чемпионатының алтынын және 2022 жылғы құрлық біріншілігінің қола жүлдесін иеленген.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем кубогындағы төртінші жеңісі. Бұған дейін Назым Қызайбай (54 кг), Фарух Тохтасынов (70 кг) және Дәулет Молжігітов (90 кг) өз жекпе-жектерінде жеңіске жеткен.
Ал Жансері Көшербаев (60 кг), Дәулет Төлемісов (90 кг) және Бағлан Кенжебек (55 кг) жарысты ерте аяқтады.
Әлем кубогы 26 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан бұл турнирге 16 боксшы алып барған болатын.
Жарнама