Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолш (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокста кезекті рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл жолы ол Лас-Вегаста 72,6 келіге дейінгі салмақта отандасы Алехандро Ибаррумен (7-2, 2 КО) қолғап түйістірді. Бірінші раундта екі ауыр соққы өткізген Ибарру нокаутқа түсті.