Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының боксшылары АҚШ жерінде жаттығуларын жалғастыруда. Отандастарымыз Евгений Павлов, Абылайхан Жүсіпов және Әбілхан Аманқұл қайда және кімдермен жаттығу істеп жатқаны туралы Vesti.kz тілшісі арнайы материал дайындады.
Жоғарыда аталған үш боксшымыз да Лас-Вегас қаласында дайындалуда. Отандастарымыз бірнеше боксшылармен спарринг өткізуде.
Тарқатып айтсақ, Аманқұл 21 жастағы Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолшпен спарринг өткізуде. Америкалық боксшы кәсіпқой бокста төрт айқасқа қатысып, үшеуінде қарсыласын нокаутпен біреуінде төрешілердің шешімі бойынша жеңген. Уолш кәсіпқой бокстағы карьерасын өткен жылы тамызда бастады. Осы уақытқа дейін ол Василий Ломаченконың андеркартында да жекпе-жекке қатысып үлгерді. Қазіргі уақытта Нико BoxRec рейтингінде 501-орында тұр.
Олимпиаданың жеңімпазы Тони Йоканың інісі Виктор Жүсіповтің спарринг қарсыласы болып жұр. 23 жастағы франциялық боксшы жуырда кәсіпқой боксқа ауыспақшы. Ол қазіргі уақытта Top Rank промоутерлік компаниясымен келіссөз жүргізуде. Оның кәсіпқойдағы алғашқы айқасы мамырда болады деп жоспарлануда.
Әуесқойлар арасында АҚШ чемпионы Кайпо Галлегос кәсіпқой бокс пен 2024 Олимпиаданың іріктеуіне қатар дайындалуда. Онымен бүгінде Павлов жаттығу істеуде.
Аталған боксшылармен бірге АҚШ жеріне Даниле Семенов Бек Нұрмағанбек те бар. Бірақ олар Айдос Ербосынұлымен бірге Сан-Диего (Калифорния штаты, АҚШ) жерінде Сауль "Канело" Альварестің залында жаттығуда.