Мұхаммед Әлидің немересі 70 секундта нокаут жасап, кәсіби бокстағы мансабын сенсациямен бастады

Нико Али Уолш. Сурет: Top Rank©

Америкалық боксшы Нико Әли Уолш кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде жерлесі Джордан Уиксті нокаутқа жіберді. 

21 жастағы Уолш қарсыласын 70 секундта нокаутқа жіберіп, алғашқы кәсіби кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Жекпе-жек АҚШ-тың Оклахлма штатында орналасқан Катос қаласындағы Top Rank ұйымдастырған бокс кешінде болды. 

Top Rank басшысы Боб Арум атақты Мұхаммед Әлидің немересі Уолштың өнерін жоғары бағалады.

"Ғажап кездесу. Атасы бұл жігітпен мақтана алатын еді" - дейді Арум өз Twitter парақшасында.

Уикс болса Мұхаммед Әлидің немересімен кездесуге дейін тек бір рет қана жеңілген. Енді оның қоржынында төрт жеңіспен қатар екі жеңіліс жазылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар