auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

MTK GLOBAL KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясы ESPN арнасымен келісім-шартын ұзартты

 MTK GLOBAL KAZAKHSTAN елімізде қарқынды дамып келе жатқан менеджерлік компаниялардың бірі. TUKESHOV BOXING PROMOTION промоутерлік компаниясымен бірге 2019-шы жылдан бері қазақ жерінде 20-дан астам бокс кешін ұйымдастырған. Осы уақыт аралығында 250-ге тарта отандық былғары қолғап шебері өнер көрсетті.

Олардың арасында Сұлтан Заурбек, Виктор Коточигов, Қамшыбек Қоңқабаев, Тұрсынбай Құлахмет және Нұртас Әжбенов сынды тәжірибелі спортшылар Бүкіл әлемдік бокс кеңесі (WBC) және Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) белбеулерін иеленіп үлгерді. Қазақстандық боксшылардың кездесулерін отандық арналардан бөлек АҚШ-тың белгілі ESPN арнасы да хабар таратып келген.

Асқар Салықбаев

MTK GLOBAL KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясының президенті

-         Осыған дейін ESPN арнасында бес мәрте бокс кешін ұйымдастырдық. Биылғы жылдың 10-ші шілдесінде болатын бокс шоуынан кейін ол арнамен келісім-шартымыз аяқталуы тиіс еді. Осы орайда басқа арналардың шарттарын қарастырып жатқанбыз. Нәтижесінде ESPN арнасы бізбен ары қарай жұмыс істеуге дайын екенін сонымен қатар, төлейтін қаржысы бұрынғыдан екі есе көп болатынын жеткізген соң сол арнамен келісім-шартымызды 2023-ші жылға дейін ұзартып отырмыз. Біздің міндетіміз – келісім аясында 10 бокс кешін ұйымдастыру болып отыр.

Сонымен қатар TUKESHOV BOXING PROMOTION промоутерлік компаниясы Қазақстан чемпионы белбеуін ұйымдастыратын болады. Аталмыш жекпе-жек кеші маусым айының соңғы аптасына жоспарланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша бокс кеші жаңа форматта өтеді. Яғни әр салмақта төрт және одан да көп былғары қолғап шебері белбеуге таласқа түседі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар