"Мойындаймын!". "Канело" Биволмен айқас туралы шындығын айтты

©instagram.com/canelo/

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес рейсейлік Дмитрий Биволға қарсы кездесудің екінші жартысында неліктен шаршап қалғанын біледі, бірақ, ол туралы ашып айтқысы келмейді, деп хабарлайды Fightnews.info.

8 мамыр күні "Канело" төрешілердің шешімімен Биволға есе жіберген еді. 

"Биволға қарсы кездесудің екінші жартысындағы шаршағаным туралы әңгіме қозғазым келмейді, себебі ақталуға себеп жоқ. Бірақ команда ретінде менің неге шаршап қалғанымды білеміз. Егер бастапқы 5 раундты қарасаңыздар, мен жеңіп жатқан едім. Алайда содан кейін шаршай бастадым. Көп нәрсе бастан өтті, бірақ, ақталмаймын! 

Мен жеңілдім және оны мойындаймын. Уақыт алда, мүмкіндігім тағы да болатынына және ол кезде бәрін басқаша жасайтыныма сенемін. Өткенді қаузай бергім келмейді. Болар іс болды. Мен жеңілдім және жеңілісті қабылдадым. Барлығын қалай бар, солай қабылдай алуымыз керек" - деді мексикалық боксшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport