Мохаммед Алидің немересі қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді

©boxingscene.com

Аты аңызға айналған Мохаммед Алидің немересі Нико Али Уолш (6-0, 5 KO) отандасы Рейес Санчеспен (7-3, 3 КО) қарымта кездесу өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Сан-Диего (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында Pechanga Arena спорт кешенінде өтті. Жекпе-жектің екінші раундында Али Уолш қарсыласының бүйірінен екі соққы жасады. Бұл соққылардан Рейес нокаут алып, айқасты ары қарай жалғастыра алмады. 

Еске салайық. Али Уолш пен Ресей арасындағы бірінші кездесу 2021 жылдың желтоқсан айында өтіп, төрт раунд болған еді. Оның қорытындысы бойынша Алидің немересі жеңіліп қалды. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport