Бокс
Бүгін 19:43
 

Мохаммед Әлидің жиені еш титулы жоқ боксшыдан жеңіліп қалды

  Пікірлер

blog.share

Мохаммед Әлидің жиені еш титулы жоқ боксшыдан жеңіліп қалды ©

АҚШ-тың Канзас штатында өткен бокс кешінде орта салмақта жұдырықтасатын америкалық Нико Әли Уолш (12-3-1, 5 KO) отандасы Тривон Крейкрафттан (10-0-1, 3 KO) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

АҚШ-тың Канзас штатында өткен бокс кешінде орта салмақта жұдырықтасатын америкалық Нико Әли Уолш (12-3-1, 5 KO) отандасы Тривон Крейкрафттан (10-0-1, 3 KO) жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек жоспарланған сегіз раунд толық өтіп, төрешілер шешімімен Уолш жеңіліс тапты.

Осылайша, Уолш кәсіпқой карьерасында үшінші жеңілісіне ұшырады. Оның еншісінде 12 жеңіс пен бір тең нәтиже бар. Ал Крейкрафт жеңіліс көрмеген боксшы мәртебесін сақтап, оныншы жеңісіне жетіп отыр. Оның есебінде де бір тең нәтиже бар.

Айта кетейік, Уолш - аты аңызға айналған Мохаммед Әлидің жиені, оның анасы Рашеда Али аңыз боксшының қызы. Америкалық боксшы кәсіпқой рингтегі дебютін 2021 жылдың тамызында өткізіп, нағашы атасына тиесілі ақ түсті Everlast шолақ шалбарымен жекпе-жекке шыққан. Мұхаммед Әли қайтыс болғаннан кейін, 2016 жылы бұл шолақ шалбар Уолшқа мұра болып қалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!