Мохаммед Алидің чемпиондық белбеуі 6 миллионға сатылды

©The Washington Post

АҚШ-та аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің белбеуі сатылды. Белбеудің жаңа иесі Indianapolis Colts NFL клубының басшысы Джим Ирси, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Match TV арнасына сілтеме жасап.

Сатылған WBC белбеуін Мұхаммед Әли Джордж Форманмен өткен жекпе-жекте жеңіп алған болатын. Ол 6 миллион долларға сатылды.

Бұл чемпиондық белбеу 2016 жылы 358 500 долларға сатылған.

Мұхаммед Әли 2016 жылы 74 жасында дүниеден өтті. Ол 61 жекпе-жекте 56 жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport