"Міне жағдай қаншалықты жаман". Кубалықтың бапкері Айдоспен болған жағдайға кінәліні атады
Кубалық Давид Моррелдің (8-0, 7 КО) бапкері Ронни Шилдс Айдос Ербосынұлымен (16-1, 11 КО) айқасты қазақ боксшы нокаутқа түспей тұрып тоқтату керек еді деп есептейді.
Кубалық Давид Моррелдің (8-0, 7 КО) бапкері Ронни Шилдс Айдос Ербосынұлымен (16-1, 11 КО) айқасты қазақ боксшы нокаутқа түспей тұрып тоқтату керек еді деп есептейді.
Оның сөзінше, төрешіге Айдостың командасына жақын бару керек болған.
"Бұл айқасты ертерек тоқтату керек еді. Ол жігітке зиян келуіне жол берді. Тони Уикс жақсы төреші, бірақ, кейде боксшының командасына жақын келіп: "Эй, сендерге мұны тоқтату қажет" деген жөн. Ербосынұлы нокаутқа түсіп қалмас үшін лас жұдырықтаса бастады.
Бұл намыс қысқаннан. Бұл жігіт мақтауға тұрарлық, алайда, оларды кейде өздерінен өзін құтқару қажет. Ол тым көп соққы алды. Білесіз бе не? Ол жігіт енді ешқашан жұдырықтаса алмай қалуы да мүмкін. Міне жағдай қаншалықты жаман", - деп береді бапкердің сөзін Boxingscene.com.
Жарнама