Бокс
1 маусым 2022 13:31
 
"Миы бар кез келген адам...". Промоутер "Канело" Головкин айқасы жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Миы бар кез келген адам...". Промоутер "Канело" Головкин айқасы жайлы ©Bad Left Hook

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкиннің Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жегіне және Эррол Спенс пен Теренс Кроуфорд айқасына салыстыру жасады, деп хабарлайды boxingnews24.com.

"Канело" - GGG жүз пайыз қызықты, Спенс - Кроуфорд та тамаша жекпе-жек. Миы бар кез келген адам бұл сұрақтың жауабын біледі. Бокстың хардкордты жанкүйерлері Спенс - Кроуфорд кездесуін күтіп жүргенін білемін. Алайда БАҚ назары, ақылы трансляция саны, коммерциялық пайда, ауқымдылық жағына келер болсақ, бұл екі айқастың арасы жер мен көктей. 

Сондықтан хардкордты жанкүйерлер Спенс пен Кроуфорд айқасын күтсе, қарапайым көрермендер "Канело" - Головкин жекпе-жегін көргісі келеді. Трилогиядан түсетін табыс Спенс пен Кроуфорд айқасының табысынан он есе көп болады", - дейді Хирн iFL TV арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!