"Минутына бірнеше миллион...". Мейвезер ММА спортшысына қарсы айқастағы гонорарын айтты

22 қыркүйек 2022 09:12
©rostec

Бес салмақта әлем чемпионы болған Флойд Мейвезер жапониялық ММА шебері Микура Асакураға қарсы айқаста қанша ақша алатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Минутына бірнеше миллион доллар. Бұл жекпе-жекте шамамен 15-20 миллион АҚШ долларын аламын. Небәрі 9 минут үшін 20 миллион жаман емес. Бір жағынан бұл айқастың арқасында басқа елге барып қайтам. Жалпы бокстың арқасында әлемнің көптеген елдерінде болдым. Бұл жолы да Жапонияға барып демалып қайтуға мүмкіндік туып отыр", - дейді Мейвезер.

45 жастағы Флойд Мейвезер осымен бесінші рет бейресми кездесу өткізеді. Ол осыған дейін Конор Макгрегор, Тенсин Насукава, Логан Пол және Дон Мурмен рингте жолыққан еді.

Асакура соңғы 12 жекпе-жегін Rizin промоушенінде өткізді. Жапон спортшысы биыл айқас өткізбеді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар