Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (19-0, 13 КО) Астанада өтетін бкос кешіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
5 сәуірде ол оңтүстік африкалық Азинга Фузилемен (18-2, 12 КО) жекпе-жекке шығады. Осыған байланысты ол Қазақстанда жұдырықтасудың қандай кері жақтары барын айтты.
Бұл тарихи бокс кеші және үлкен мүмкіндіктер есігі"Елдің алдында өнер көрсету қиын ғой. Өйткені таныс адамдар алдында, ата-анаң, бауырлардың алдында. Әрине шетелге де келеді қазақтар, Англияда да, Америкада да қолдайды. Бірақ үйде төбелескеннің жауапкершілігі өте ауыр болады. Плюсі де, минусі де бар.
5 сәуір енді тарихи бокс кеші ғой. Екі титулы бар чемпион (Жәнібек Әлімханұлы) айқасады. Мен IBF желісі бойынша төбелесемін.
Қарсылас әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан, 12 раундтық жекпе-жекте тәжірибесі бар. Солақай, мен де солақаймын. Қарсыласты көрдік, бақыладық. Қазір салмақ түсіріп жатырмын.
Мен үшін бұл үлкен мүмкіндік. Өйткені жеңіске жетсем, IBF чемпионына міндетті қарсылас атанамын", - дейді Сұлтан Qazaqstan TV эфирінде.