UFC президенті Дана Уайт ирландиялық Конор Макрегор мен бокстан бес салмақ бойынша әлемнің экс чемпионы Флойд Мейвезер арасындағы айқасқа қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Бұл туралы ешкіммен сөйлеспедім. Конор октагонға қайта оралады. Шамамен осы жылдың соңында немесе келесі жылдың алғашқы айында оралуы тиіс", - дейді Уайт.
Еске салайық, Конор мен Мейвезер арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың тамыз айында ұйымдастырылған еді. Төреші оныншы раундта кездесуді тоқтатып, америкалық спортшының қолын көтерген болатын.
Макгрегор соңғы рет 2021 жылы шілдеде UFC 264 бәсекесінде америкалық Дастин Порьеге есе жіберді.