Мейвезер бір аптада тоғыз көлік сатып алуға миллион жұмсаған

Сурет: Instagram

Бес салмақта бокстан бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезер көлік сатып алу үшін бір аптада миллион доллар жұмсаған, деп хабарлайды "Чемпионат".

Ол Лас-Вегастағы көлік салонынан өзі, отбасы мен айналасындағылар үшін тоғыз көлік сатып алыпты. Олардың ішінде екі Rolls-Royce Ghost, Mercedes S560, Maybach, Dodge Journey, Dodge Charger және үш Dodge Challenger.

Жалпы дәл осы салоннан Мейвезер кейінгі жылдары 157 көлік алған, олардың арасында - 29 Rolls-Royce бар.

Белгілі боксшы қымбат көліктерді жинаумен әуестенеді. Оның гаражында Ferrari, Bugatti, Lamborghin және Rolls-Royce сияқты маркалар тұр.

Ал осы демалыста Мейвезер америкалық блогер Логан Полмен жекпе-жек өткізіп, 10 миллион кепілді гонорар алды. Мұнымен қоса, оған ақылы трансляциядан қомақты үлес тиеді. 

Жаңалықтар