Бокс
28 наурыз 11:07
 

Мейвезер әлемдегі ең мықты боксшыны атады: Ол Канеломен айқасқа шығады

  Пікірлер

blog.share

Мейвезер әлемдегі ең мықты боксшыны атады: Ол Канеломен айқасқа шығады ©betsport.kz

Бес салмақта чемпион болған, атың аңызға айналған америкалық кіші Флойд Мейвезер қазіргі таңдағы ең мықты кәсіпқой боксшы кім екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бес салмақта чемпион болған, атың аңызға айналған америкалық кіші Флойд Мейвезер қазіргі таңдағы ең мықты кәсіпқой боксшы кім екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның сөзінше, бірінші орта дивизиондағы WBA титулына ие Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) осы атаққа әбден лайық. 

"Меніңше, қазір Кроуфорд - "паундта" №1. Ал енді оның табысы мол позицияға шыға алуы тамаша. Теренс Кроуфорд, осы бетіңнен қайтпа. Ұлы болып қала бер", - деп береді Флойдтың сөзін vRINGe.com.


Кроуфорд рингке қыркүйекте оралып, мексикалық бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альвареспен (62-2-2, 39 КО) жұдырықтаспақ. Жеңіске жеткен жағдайда Кроуфорд ең мықты боксшы ғана емес, кепілді түрде P4P рейтингінде бірінші болады және "Жыл боксшысы" атанады. 

Қазіргі таңда салмағына қарамастан әлемдегі ең мықты боксшы украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!