Мейвезер алдағы Головкин - Пакьяо жекпе-жегінде жеңіске жететін боксшыны атады

Бес салмақта әлем чемпионы болған Флойд Мейвезердің ағасы әрі бапкері Джефф Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Мэнни Пакьяо (69-7-2, 39 КО) арасында өтуі мүмкін жекпе-жекте кім жеңетіні туралы пікір білдірді.

Мэнни Пакьяо бапкерінің қарсылығына қарамастан Головкинмен жекпе-жекке шықпақ

"GGG жеңісіне қоямын. Мэнни тым кіші. Айтайын дегенім, ол басқа салмаққа көтерлігенде де ірі көрінбеді. Ал Головкинге қарсы жұдырықтасса, өзінен тым үлкен әрі ірі қарсыласпен бетпе-бет келеді. Сондықтан Головкинді таңдаймын", - дейді маман The Mayweather Channel арнасына берген сұхбатында.