auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Методиканы өзгерту керек". Тұрсынғали Еділов боксшыларды Олимпиадаға дайындаудағы кемшін тұстарды атады

"Методиканы өзгерту керек". Тұрсынғали Еділов боксшыларды Олимпиадаға дайындаудағы кемшін тұстарды атады
Сурет: inform.kz

Токио Олимпиадасына барған боксшыларымыз жарысты сәтсіз өткізіп жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Осыған орай, белгілі жаттықтырушы Тұрсынғали Еділов күншығыс еліндегі жарысқа байланысты өз пікірін білдірді.

- Тұрсынғали аға, Токиода боксшыларымыз алғашқы айналымдарда бірінен соң бірі сүрініп жатыр. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

- Өкінішке қарай, жүлдеден үміт күткен спортшылар жарысты ерте аяқтап жатыр. Левиттің төмен нәтиже көрсететінін ешкім күткен жоқ. Өте тәжірибелі боксшы. Қаншама жарыста сыналған, шыңдалған. Олимпиадаға барамын деп бірнеше оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Бірақ жігіттердің шаршап қалғаны көрініп тұр. Содан кейін тағы да Азия чемпионатын еске аламыз. Сол сары құрлық турнирі бізге керек пе еді деген сұрақ туындайды. Бапкерлік штаб осының барлығын ескеріп, Олимпиада ойындарына дайындықты басқаша өткізуі тиіс еді. Токиоға барған жігіттердің барлығының тәжірибесі бар. Оларға дайындық емес, үлкен жарыстың алдында демалыс керек еді. Бұрын мен ұлттық құраманың бас бапкері болып тұрғанда бір жарысқа барсақ, төрешілердің тарапынан бізге жасап жатқан әділетсіздігін байқасақ бірден орта жолда турнирді тастап кетіп қалатынбыз.

- "Қазақтың салмағы" деп аталып кеткен 69 келіде Абылайхан Жүсіпов те жарыстан шығып қалды

- Абылайхан Жүсіпов те үмітті ақтай алмады. Рингке шыққан соң қарсыласыңның бір соққысына екі соққымен жауап қайтаруың керек. Боксшы деген жанып тұру керек қой. Бізде қазақ боксы кезіндегі Кеңес боксынан бастау алады. Жарысқа баратын спортшыларға дайындықты тым көп жасатқызады. Қысым көп болады. Американың методын қарасаңыз оларда еркіндік бар. Сондықтан үлкен жарыстардың алдындағы дайындықтың методикасын өзгерту керек.

Еске салайық, Тұрсынғали Еділов 1997 және 2002 жылдары бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарды. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Еділовтың басшылығымен төрт отандасымыз Жазғы ойындардың финалына шыққан болатын. Нәтижесінде Бекзат Саттарханов және Ермахан Ибраимовтар алтыннан алқа тағынса, Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбековтер күміспен күптелген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама