"Менсінбей қоюға болмайды". Головкиннің бапкері ауыр салмақтағы чемпиондық айқас жайлы
Әйгілі Владимир Кличконы жаттықтырған маман, қазір қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері америкалық Джонатан Бэнкс суперауыр салмақта британиялық Энтони Джошуа (24-1, 22 КО) және украиналық Александр Усик (18-0, 13 КО) арасында өтетін титулды айқасқа қатысты пікір білдірді.

"Екі Олимпиада чемпионы, екеуін де жете бағаламауға болмайды. Дегенмен Усик үлкен жетістіктерге жетпеген салмаққа өтіп отыр. Ауыр дивизионда оның бір ғана айқасы болды. Чисорамен жаман жұдырықтаспады, бұл өте ауыр жекпе-жек болды. Бірақ Чисораға қарсы ешкімге оңай болмайды.
Джошуада артықшылық бар, өйткені ол суперауыр салмақта көптен бері басым болып келеді. Ол ауыр дивизионда мықты деген боксшыларды құлатқан. Усик әзірге ондаймен мақтана алмайды. Алайда Усик үлкен қиындықтар тудырары сөзсіз.
Джошуа Александрды менсінбей жұдырықтаспас деп үміттенемін, өйткені Усик барынша қиындық тудырады. Усик кез келгенге қиын қарсылас. Егер оған қарсы барыңды салмасаң 12 раундтың онын қалай жеңілгенін өзің білмей қаласың. Усик - көптеген қиындықтардың кепілі", - деп береді Бэнкстің сөзін vRINGe.com порталы TheRingDigital басылымына сілтеме жасап.
Жарнама