"Менсінбеуге болмайды". Сарапшы Әлімханұлын алдағы айқаста не күтіп тұрғаны жайлы
Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) арасында болатын жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Бұл кездесу 13 шілде Лас-Вегаста өтеді. Осы айқаста қазақстандықтың титулдары сарапқа салынады.
"IBF ұйымының тәртіпке қаталдығы құрметке лайық. Рейтингтегі бірінші нөмір әрдайым чемпионмен айқасуға мүмкіндік алады. Алайда үміткерлердің деңгейі осалдау болып жатады. Михайлович бұл жекпе-жекке ұзақ жүрді. Мүмкін ол статистикасы жақсы боксшы болар. Алайда шынына келгенде - оның деңгейі Жәнібекпен салыстырғанда төмен. Бұл жекпе-жекте санат айырмашығы көрінеді. Келісемін, ешкімге менсінбей қарауға болмайды. Біз көптеген апсетке куә болғанбыз, бірақ, мына жекпе-жекте үміт жоқ. Бұл айқаста Жәнібекке бөгет өзі ғана, егер ол әдетінен жаңылмаса, нокаут көретін де шығармыз", - дейді Маккаферри.
Жарнама