Мэнни Пакьяоның екінші ұлы қарсыласымен үш раунд айқасты
Майкл Стивен Пакьяо төрешілер шешімімен Натаниэль Руистен басым түсті. Үш раундтық жекпе-жек 20 жастағы боксшы үшін әуесқойдағы дебюті болды. Бұл айқас 9 қазан Phase 1 Gymnasium спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Биыл мұның алдында Мэнни Пакьяоның 21 жастағы Эммануэль атты өзге ұлы бокстағы алғашқы айқасын өткізген болатын. Маусым айында ол Сан-Францискода өткен Fire in the Ring's Amateur Fight Night 2 турнирінде жеңіліске ұшырады.
Пакьяоның ұлдары Лос-Анджелестегі Wild Card Boxing Club залында жаттығады. Мэннидің өзі көптеген жыл осы залда жаттықан.
Жарнама