auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Менің залымда жаттықан". Головкиннің экс-бапкері Руистің Джошуаны нокаутпен жеңгеніне қатысты айтқаны

"Менің залымда жаттықан". Головкиннің экс-бапкері Руистің Джошуаны нокаутпен жеңгеніне қатысты айтқаны
Энди Руис және Абель Санчес. Сурет: stuff.co.nz
Белгілі америкалық бапкер Абель Санчес Fino Boxing порталына берген сұхбатында Энди Руистің (33-1, 22 КО) британиялық Энтони Джошуаны (22-1, 21 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайдыт vRINGe.com.

Еске салайық, 2 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жекте Джошуа техникалық нокаутпен жеңіліп, Руис британиялықтың аса ауыр салмақтағы WBA (Super), WBO, IBF және IBO белбеуін тартып алды.

"Мұндайды күтпедім". Төрт белбеуінен айырылған Джошуа қарымта сұрағысы келмейді

- Сенбіде не болғаны туралы ойыңыз? Руис Джошуана жеңіп әлемді таңдандырды. Мұны көргенде қандай ой келді?
- Өзгелер сияқты мен де Джошуаның оны қарсылас ретінде көрмегеніне таңқалдым. Эндидің қолы жылдам, дене бітімі керемет болмаса да, жұдырықтаса біледі. Әуесқойдағы карьерасы тамаша еді, тер төкті, келген мүмкіндікті жібермеді. 

- Жекпе-жектен не күтіп едіңіз?
- Шынын айтқанда, Энди бастапқыда оған біраз қиындық көрсетеді деп ойладым. Бірақ сегізінші-тоғызыншы раундта шаршап, Джошуа жеңетін шығар дегенмін. Алайда болған жағдай сұмдық таңдандырды!

- Руис нокдаунға түскенде не ойладыңыз?
- Руистің нокдауны таңқалар дүние емес, өйткені Джошуа мықты боксшы. Бірақ мен Эндиді білемін, менің залымда жаттықты, оны Джозеф Паркерге қарсы дайындағанмын. Тек ол кезде жеңеріне толық сенімділік болмады. Ол құлаған кезде көздері таза еді, есеңгіреген жоқ. 

- Қазір онда үш белбеу бар, бұл аса ауыр дивизион үшін қандай өзгерістер әкеледі?
- Бұл көптеген жігітке демеу болады. Джошуаның қарымтаға құқы барын білем. Жақында Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдер жұдырықтасады. Меніңше, бұл дивизионды көптеген жігітке ашық етті.

- Джошуаны жеңіп, Руис аса ауыр салмақтағы әлем боксшыларының үздігіне кірді? Бұл салмақтағыларға қазір қандай баға бересіз?
- Бірінші орынға қою үшін Джошуаны қайта жеңу керек деп ойлаймын. Меніңше, Фьюри - бірінші, Уайлдер - екінші. Джошуа төртінші орынға ысырылып, Энди үшке көтерілді. 

- Аса ауыр салмақта мексикалық чемпионның болғаны қалай?
- Бастысы мексикалық болғандығында емес. Бұған қарамаймын, нәсілге де. Досым ретінде қабылдаймын. Мықты жігіт, ал мексикалық боғланы тіпті тамаша.

Айта кетейік, бастапқыда Джошуаның қарсыласы Джарелл Миллер болады деп жоспарланған еді, алайда, ол допинг-тесттен өте алмады. Осылай жекпе-жекке дейін бір айдай қалғанда оны Руис алмастырды.

Джошуаны нокаутпен жеңген Энди Руис бұл жекпе-жегі үшін рекордты гонорарын алды

2016 жылы мексикалық боксшы сол кездегі WBO чемпионы Джозеф Паркерден төрешілер шешімімен жеңілген. Бұл жекпе-жекке дейін Руисті Санчес жаттықтырған, ал қазақстандық Геннадий Головкин оған жекпе-жекке дайындалуға көмектескен еді. Алайда жеңілістен кейін Руис басқа бапкерге кетіп қалған еді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама