"Менің салмағымда әр соққы ауыр келеді". Қамшыбек Қоңқабаев өзбек қарсыласын сабап тастады

©Vesti.kz

Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алматыдағы "Балуан Шолақ" спорт кешеніндегі MTK Global Kazakhstan менеджерлік компаниясы ұйымдастырған кеште Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны өзбек Фаррух Джураевпен (6-7-1, 2 КО) жұдырықтасып, екінші раундта жеңіске жетті. Отандасымыз бірнеше рет дәл соққы жасаған соң төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

Алғашында Қоңқабаевтың қарсыласы Оңтүстік Африканың қабыланы Джонни Мюллер (23-9-2, 14 КО) болуы тиіс еді. Алайда белгілі болғандай оқу-жаттығу жиынында африкалық былғары қолғап шебері жарақат алып қалған.

"Ең алдымен жеңіске жеткенім үшін Құдайға шүкір деймін! Қандай да бір жекпе-жек болмасын барлығына бірдей жоғары дайындықпен келемін. Оның үстіне менің салмағымда әр соққы ауыр келеді. Бір соққымен кездесудің тағдырын шешіп кетуге болады. Қарсыласыма тоқталсам, маған қарағанда салмағы аздау. Кәсіпқой бокста тәжірибесі бар. Негізі басқа қарсыласпен шығуым тиіс еді. Алайда қысқа уақыт аралығында үздіктердің қатарында жүрген боксшыларды табу қиын. Ең бастысы жеңіске жетіп, маған қолдау білдірген жанкүйерлердің сенімін ақтадым. Бұйырса биыл 2-3 кездесу өткіземін. Бұл туралы менеджерлеріммен және бапкерлеріммен ақылдасамыз", - дейді Қоңқабаев тілшімізге берген сұхбатында.

Еске салайық, Қамшыбек Қоңқабаев өткен жылы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2020 жылы өткізіп, Иса Ақбербаевты техникалық нокаутпен жеңді. 

Қоңқабаев пен Джурраев жекпе-жегін 1:50:10 секундтан бастап тамашалай аласыз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар