"Менің рухым мықтырақ". Әлем чемпионы Әлімханұлын жеңетінін мәлімдеді

4 қыркүйек 2023 10:53
©Pio Deportes

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы германиялық Винченцо Гуальтьери алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабаралйды Vesti.kz

Екі белбеу сарапқа салынатын (IBO және WBO) бұл кездесу 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласындағы Fort Bend Epicenter аренасында өтеді деп жоспарланған.  

"Жәнібек - керемет боксшы, ол Эскива Фалькао сияқты әуесқойда да, кәсіпқойда да титулдар жеңіп алған. Жәнібек солақай, Флькао сияқты. Жәнібек - фаворит, Фалькао сияқты. Ал ақыры Жәнібек те Фалькао сияқты жеңіледі. Өйткені менің командам мен чемпиондық рухым мықтырақ", - дейді Гуальтери. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport