Бокс
7 қазан 2021 09:22
 

"Менің алтыным!". Олимпиадада жемқорлық құрбаны болған қазақстандық боксшының қарсыласы

  Пікірлер

blog.share

"Менің алтыным!". Олимпиадада жемқорлық құрбаны болған қазақстандық боксшының қарсыласы ©"СЭ"

Ресейлік боксшы Евгений Тищенко 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қазақстандық Василий Левитті жеңгеніне сенімді, деп хабарлайды РИА Новости

blog.share

Ресейлік боксшы Евгений Тищенко 2016 жылғы Рио Олимпиадасында қазақстандық Василий Левитті жеңгеніне сенімді, деп хабарлайды РИА Новости

"Мен спортшымын, сондықтан төрешілер махинациясына қатысым жоқ. Финалдағы жекпе-жегім күдікке ілінді деген ешқандай ресми құжат көрмедім. Тек интернетте ақпарат жүргенін байқадым. Жалпы мұндай тергеуге оң қараймын, өйткені әділ спортты жақтаймын. 

Левитпен жекпе-жекке келсек, бірнеше күн бұрын қайта көріп шықтым. Иә, теңдей айқас болды, бірақ, мен жеңісіме сенімдімін. Бұл менің алтыным!

Менің бала кезден төккен терім мен ерен еңбегімнің жемісі, мен арманымды орындай алдым. Олимпиададан бес жыл өтсе де менің атым ел аузынан түспегені қуантады. Мен бұған ризамын", - дейді Тищенко. 

Еске салайық, белгілі заңгер Ричард Макларен АИБА сұранысы бойынша Рио-де-Жанейро Олипиадасындағы күдікті жекпе-жектерді тергеуге алған. Оның бірінші есебі бойынша, Левит финалда жемқорлық құрбаны болды, ал Тищенкода турнир бойы артықшылықтар болған.

Осылайша, Левит жеңілді деп танылып, күміс иеленді. Ал Тищенко Олимпиада чемпионы атанғанымен, көреремендер бұл "әділетсіздікке" ысқырып, шулап қарсылығын білдірген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!