Менеджерімен кездескен Жәнібек Әлімханұлы болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) менеджерімен кездесіп, болашағын талқылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менеджерім Эгис Климас. Бүгін жолығып, мансабымның келесі деңгейіндегі шаруаларды ақылдастық. Алда жағымды жаңалықтар көп", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде. 

Жәнібек 27 ақпан күні Алматыда жұдырықтасу керек еді. Бірақ жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Соңғы кездесуін Әлімханұлы өткен жылы қазанда өткізіп, аргентиналық Гонсала Корияны нокаутпен жеңді.