Бокс
11 наурыз 2022 08:03

Менеджер "Канелоның" қорқақтығын "бетіне басты"

©

Менеджер Али Абдель-Азиз екінші орта салмақта бокстан әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усманмен жұдырықтасқысы келмегеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.ru.

"Бәрі мүмкін". "Канело" UFC өкілімен айқасуы да ықтимал

"Камару ағайынды Джейк немесе Логан Полды айқасқа шақырған жоқ, бұл жігіттердің ешқайсын. Бұл құрметке лайық, ол қорқақ Сауль Альваресті шақырды.

Шынын айтқанда боксшылардың бәрі қорқақ келеді, өйткені, ММА-де, көшеде де төбелеспейді. Олар тек өз ережесі бойынша рингте ғана жұдырықтасуға дайын. 

Егер біздің спортқа келуді қаламасаң - UFC және жалпылай ММА-ге - өзіңді жауынгермін деме. Онда сен тек спортшысың.

"Канело" егер қаласаң, Камару сенімен айқасқа шығады", – дейді Абдель-Азиз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport