"Мен оны жеңдім, енді...". Бивол "Канеломен" қарымта жекпе-жек жайлы

2 қыркүйек 2022 07:41
©REUTERS

Жарытлай ауыр салмақта WBA титулына ие Дмитрий Бивол (20-0) екінші орта дивизионда абсолют чемпион Сауль "Канело" Альвареспен (57-2) қарымта туралы ойлап та жүрмегенін айтады. Боксшының сөзін Fighthype басылымына сілтеме жасап "Спорт-Экспресс" беріп отыр. 

"Канеломен" қарымта өте ме білмеймін. Қазір мені ол алаңдатып отырған жоқ. Қазіргі таңда бар назарым Рамиресте. Ол қауіпті қарсылас және оны жеңу керекпін. Егер Альварес қаласа, келісімшарт жасасын. Бұл бизнес. Менімен және Головкин келісімшарты болды. Менің өз жолым бар. Мен оны жеңдім, енді ары қарай жүруім керек. Ал Саульмен қарымтаға зәру емеспін", - дейді боксшы. 

Еске салайық, 8 мамырда Бивол жартылай ауыр салмақта Альваресті төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Ал енді Бивол жеңілмеген мексикалық Хильберто Рамиреспен (44-0) 5 қараша Абу-Дабиде жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар