"Мені онда жақсы көреді". Бокс аңызы Қазақстанда өмір сүру жайлы

15 қыркүйек 2021 14:05
©Deezer

Танымал америкалық кәсіпқой боксшы Рой Джонс Instagram желісіндегі тікелей эфирде қай елдерде өмір сүре алатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Джонс өзі өмір сүре алатын елдердің бірі ретінде Қазақстанды атады. Ол қазақстандықтардың ерекше сүйіспеншілігі мен қарым-қатынасы туралы айтты.

"Қазақстан! Мені онда жақсы көреді. Қазақстанда мен рэптегі Тупактаймын. Сондықтан мен Қазақстанды жақсы көремін", - деп жауап берді ол.

Тікелей эфирге қатысқандардың бірі, боксшы Джереми Уильямс Қазақстан туралы естімегенін айтқанда, оған Рой Джонс "GGG шыққан ел" деп жауап берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар