Мен Қазақстаннан, ол Ресей емес! - Головкин америкалық журналистерді састырды

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) Fox News радиостанциясындағы The Ashley Webster Experience бағдарламасында америкалық журналистерді ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шоудың жүргізушілері Головкиннің ресейлік боксшылар туралы пікірін білуге тырысты, бірақ, GGG мүлде басқа елден екенін айтты.

- Ресейлік боксшылар - мықты. Өте мықты.
- Кім? Маған атаңыз? Ешкім білмейді, - деді Головкин.

- Біз сенен сұрағымыз келді.
- Мен Ресейден емеспін.

- Қазақстаннан, окей.
- Ол Ресей емес!

- Бұрын бұл Кеңес Одағы болды.
- Көп уақыт бұрын, иә.

Естеріңізге салайық, қазір Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кездесуге дайындалып жатыр. Кездесу 5 қазанда өтеді және Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында бокс кешінің басты оқиғасы болады, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі көрсетеді.
Жаңалықтар