WBC және WBO нұсқалары бойынша екінші жартылай орта салмақтағы чемпион америкалық Шакур Стивенсон (18-0, 9 КО) мексикалық Оскар Вальдестен (30-1, 23 КО) басым түскен Лас-Вегастағы (АҚШ) бокс кешінен кейін, қарсыластың командасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "vRINGe.com".
Стивенсонның ойынша, қарсыласқа тиген соққылар тек оған емес, оның жаттықтырушысы Эдди Рейносо мен залдың бас жұлдызы Сауль "Канело" Альвараске (57-1-2, 39 КО) де тиді.
"Бастысы - жеңіс! Мен өзімнің не істейтінімді айтқанмын. Мен Вальдесті, "Канелоны" және Эдди Рейносоны сабайтынымды жеткізген едім. Менің ойынға жасаған жоспарым осы болатын, яғни, олардың командасын сабау, енді осыған қол жеткізіп, мен өзімді керемет сезініп отырмын.
Оларды расында құрметтеймін, бірақ, бұл менің жоспарым болды. 59 келіде барлық титулдарды жинап, абсолют чемпион болғым келеді. Мен супержұлдыз болуға лайықпын, сондықтан оған қол жеткізуім керек", - деп сөзін қорытындылады Стивенсон.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Стивенсон Вальдесті төрешілер шешімімен жеңген еді.